Жасөспірімдер буллингке қарсы
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері, Созақ АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Уәлиева Рахат Әмірханқызы, Созақауданыпрокуратурасының прокуроры Ерсұлтан Алшынбековпен бірігіп аудан орталығындағы А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектепте болып, жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Жиын еркін форматта өтті. Барған бетте жоғары сынып оқушылары « Біз буллингке қарсымыз» тақырыбында флэшмоб көрсетті. Жиынға сондай ақ аталған мектеп директоры Е.Сейдахмет, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Дәуренбекова және педагог—психологтар қатысып отырды. Жасөспірімдерге бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан құқықбұзушылықтың, заң бұзушылықтың себеп салдары түсіндіріліп, нақты фактімен мысалдар келтіріліп, ескертулер жасалды. Нақтырақ айтқанда; ата ананың рұқсатымен, рұқсатынсыз көлік басқаруға қатаң түрде тыйым болу, сонымен қатар электроскутер, мопед, мотоциклді құжатсыз, талап—ережесіз жүргізуге тыйым, булинг, яғни әлімжеттік әрекеттерге, біреудің жеке мүлкіне қол сұқпау, бірін бірі ұрып—соғып, балағаттауға, шектеулі уақыттан кейін, яғни түнгі 22.00 кейін ата анасыз көшеде, басқа да қоғамдық орындарда жүріп, серуендеуге тыйым екені мықтап жасөспірімдердің назарына қойылды.
Әрине, жасөспірім – ол бала. Біздің болашағымыз. Балаларымыз аман болсын десек, қанаты қатпай жатып өмірдің қиын жағымен соқтығыспасын, өкінбесін, жыламасын десек, біздер ата аналар өз балаларымызға ие болайық. Еркелетудің де жөні бар, бетімен жіберіп, қателікке ұрынып қалмауын қадағалайық. Шындап келгенде баланың амандығы бірінші кезекте ата анасына ғана керек. Баланың басына іс түссе, бірінші кезекте жан тәнімен қиналатын ата ана. Сондықтан ағайын балаларымыздың тәрбиесіне дұрыстап қарайық. Ешқандай ата ана балам жаман болсын демейді. Алайда, көз қуанышың алдыңда жайнап өсіп келе жатқан соң, қарны тоқ, киімі көк деп, оның ішкі дүниесіне үңіле бермейміз. Салдарынан баламыздың кімге тисіп, кімнен зәбір көріп, немен айналысып жүргенін байқамай қаламыз. Нәтижесі көп жағдайда өкінішке әкеп жатады.
Балаларымыздың болашағы жарқын болсын. Жолдары ашық болсын. Бастары аман болсын. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ескертулеріне мән беріп, назарда ұстайық.