Мектеп оқушылары үшін ашық есік күні өткізілді

Арыс аудандық сотында қалалық жоғарғы сынып оқушыларымен ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудандық соттың судьясы Н.Әшенов, қалалық В.Камаров атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты

Ашық есік күні шеңберінде судья Н.Әшенов өңірлік сот тарихына тоқталып, ғимаратқа экскурсия жасап, соттың жұмысымен таныстырды.

Сонымен қатар бұл іс-шараның басты мақсаты бұл жастар арасындағы қылмыстардың алдын-алу, оларды сот жүйесіне мемлекеттік әкімшілік қызметке шақыру және одан әрі судья лауазымына емтихан тапсыру жолдарын түсіндіру екенін жеткізді.

Кездесу барысында судья оқушыларға өзінің мемелекеттік қызметтегі еңбек тәжірибесімен бөлісіп, сот жүйесін жаңғырту және сот ісіне енгізілген жаңашылдықтар туралы түсіндірді.

ПІКІР ЖАЗУ