Түркістанда “Біз нашақорлыққа қарсымыз!” ұранымен футболдан турнир өтті

Есірткіге қарсы бағытталған іс-шараларды өткізу және салауатты өмір салтын насихаттау аясында Түркістан қаласында 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында “Біз нашақорлыққа қарсымыз!” тақырыбында футболдан республикалық турнир өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Амангелді Бурханов, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова және қалалық мәслихат төрағасы Гаппар Сәрсенбаев қатысып, жас қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.

Екі күн бойы өткен спорттық сайысқа Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Кентау қалаларынан, Түркістан облысының Сарыағаш және Қазығұрт аудандарынан келген жас спортшылардың 8 командасы қатысып, қызықты ойын көрсете алды.

Футбол турнирінің қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданының командасы І-орын, Түркістан қаласының командасы ІІ-орын, ал Қызылорда қаласының командасы ІІІ-орынды иеленді. Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаз командалар диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ