Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Учаскелік полиция инспекторы тұрғынның жоғалған жылқыларын тауып берді

Созақ ауданының полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын қорасынан өзінің екі бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы айтып, көмек сұрады. Тұрғынның шағымы бойынша оқиға орнына созақтық учаскелік полицейлер шұғыл жетіп, мән-жайды анықтады.

Тұрғынмен бірге қыстаулар мен ауыл-аймақтың барлығын тексеріп, іздестіру шараларын жүргізді. Полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде тәулік ішінде жылқылар 30 шақырым жердегі жайылымнан табылды.

Жылқыларын жоғалтып алған тұрғын хабар алысымен өзімен бірге малдарын іздестіріп, тез арада тауып берген полицейлерге шынайы алғысын жеткізді. Жылқылар иесіне тапсырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз кіріп кеткен шетелдік ұсталды

admin

ҚР президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды

admin

Созақ: аудан әкімінің кубогы үшін кіші футболдан ересектер арасында республикалық турнир өтті

admin