Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Есірткісіз болашақ» ұранымен ауқымды форум өтті

Шардара аудандық полиция бөлімі мен аудан әкімдігі бірлесіп, «Есірткісіз өмір-болашақтың кепілі» атты аудандық форум өткізді. Форумға аудан әкімі Арман Карсыбаев, полиция басшысы Шералы Абдраманов, прокурор Әлі Алмас, полиция бөлімінің жеке құрамы, медицина саласының қызметкерлері, ардагерлер, спикерлер, оқушылар, студенттер, ұстаздар мен мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.

Шараның басталуында мәдениет үйінің өнерпаздары «Есірткісіз өмір- болашақтың кепілі» атты сахналық қойылым қойды. Ал спикерлер қазіргі қоғам дертіне айналған есірткі заттарына деген тәуелділікті қозғай отырып, есірткінің талай жанның тағдырын тәлкек ететіндігін, сол үшін де мұндай форумның маңызы мен мақсатын түсіндіріп өтті.

Жиын соңында патриоттық әндер шырқалып, жастарға зиянды әрекеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі ұғындырылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Қаржылық жауапкершілік: 1000 АЕК-тен жоғары несиелер енді жұбайының рұқсатымен ғана беріледі

admin

“Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025” форумы: ЖИ саласындағы жаңа бастамалар

admin

Балаларға жол ережесі түсіндірілді

admin