“Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі” тақырыбында семинар өтті

Отырар ауданы білім бөлімінің «Ергөбек негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында 5-10 сынып оқушылар арасында семинар өтті.

Шараға аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Зубайра Надирова, Түркістан облысы дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог маманы Ұлмекен Перден, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Назира Сауытбаева, мектеп директоры М.Әлшериева мен ұстаздар және 41 жуық оқушы қыздар қатысты.

Жиында сөз алған мектеп директоры М.Әлшериева қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызы, қоғамда қыз бала тәрбиесінде жіберіліп жатқан олқы тұстарды тілге тиек ете отырып, қыздардың тән мен ар тазалығы туралы түсіндіріп, бесігінде жақсы тәрбие алған қыз бала ертеңгі ана екендігін еске салды.

Ал полиция аға лейтенанты Зубайра Надирова түңгі мезгілде жүрмеу, әлімжеттік болған жағдайда міндетті түрде бірінші ата-ана мен мектеп мұғалімдеріне полиция қызметкерлеріне хабар беріп, өз-өздерін қорғануға кеңес берді. Әлеуметтік желінің шарықтап тұрған заманда,өздерінің жеке деректерін жарияламауға шақырып, ата-бабамыздан келе жатқан қыз қадірін бірге көтеруге шақырды.

Келесі мәселе бойынша теолог маманы Ұ.Перден өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың санасын бөтен идеялардың ықпалынан корғау, ақпараттық шабуылдарға қарсы идеологиялық иммунитетті калыптастыру, кылмыстың, құқық бузушылыктың, нашақорлықтың, діни экстремиз мен терроризмимнің алдын алуға көмектесу, жастардың патриотизм сезімін арттыру кажетекендігін атап өтті.

Тағылымы мол өткен шарада қыз балалар арасында жат қылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейте отырып, қоғам назарын қыз тәрбиесіне арнауда ақпарат беру мақсатында өткізілген жиналыста еркін пікір алмасу болып, кері байланыс жүргізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ