“Нашақорлық қоғам дерті” атты форум сауранда жалғасты

Сауран ауданында полиция бөлімінің ұйымдастыруымен “Нашақорлық қоғам дерті” тақырыбында ауқымды форум өтті.

Ауқымды шараға полиция, әкімдік, прокуратура, білім бөлімінің қызметкерлері мен оқушылар қатысты.

Форум өнерлі жастардан құралған хордың “Қазақстаным” әнімен басталды. Алғашқы сөз кезегін алған спикер Полиция бөлімінің басшысы Алмат Абидинов баяндама жасап, жыл сайын полицияның бастамасымен республика аумағында 7 мыңға жуық есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алу бағытында түрлі іс-шаралар өткізіліп жатқанын жеткізді.

Оның ішінде ең үлкен шара – 26 маусымдағы «Халықаралық есірткіге қарсы күрес күні”.

Сонымен қатар форум барысында прокурор Сухрабжан Каххаров, Түркістан обылысы ПД-нің Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марат Бимаханов, Сауран аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Бөкебаев нашақорлық жайында баяндама жасап, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Ауқымды шара кезінде жастарға арнап танымдық және профилактикалық роликтер көрсетілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ