1,5 миллион теңгеге қойды ұрлап, сатып жіберген күдіктілер ұсталды

Сарыағаштық полицейлер жайылымнан бір отар қойды қолды еткен екі күдіктіні ұстады. Яғни, бір түн ішінде мал жайылымынан 30-дан аса қойды көлікке тиеп әкеткені белгілі болды.

Олар ұрланған қойларды 15-20 мың теңгеден сатып, ақшаларын өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге.

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек олардың дәл осындай мал ұрлығына қатысты 5 фактісін анықтады. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ