Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Үш рет дүкенге ұрлыққа түскен жас жігіт қылмыс үстінде ұсталды

Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңға жуық уақытта пластик терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 000 теңге ақшаны алу барысында ұсталған. Ұрлық фактісі дүкендегі бейнебақылау камерасына түскен.

Күдіктінің аталған оқиғаға дейін осы дүкенге 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан өңірінен басталған «Бірлік керуені» елордаға жетті

admin

Полиция департаментінде азаматтарды кезекті жеке қабылдау өтті

admin

Қазақстандық Арнайы операциялар күштерінің жауынгерлері Түркиядағы «Анадолу-2025» оқу-жаттығуында жоғары дайындық деңгейін көрсетті

admin