«Зорлық-зомбылықсыз отбасы –бақыт мекені»
Елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда Арыс аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы А.Үсен студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге «Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу негіздері» атты дәріс оқыды. Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.
Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, полицейлер студенттердің жанұяларындағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, олармен сұрақ-жауап алысты.