«Сібір жарасы ауруынан» сақ болыңыздар!
Сібір жарасы мал және жабайы жануарлардың жіті түрде өтетін аса қауіпті жұқпалы ауруы. Сібір жарасы адам мен жанураға ортақ ауру. Осы аурудан өлген жануарларды сойып ішін жаруға болмайды. Себебі өлген немесе сойылған ауыл шаруашылығы жануарларының терісі, еті, жүні т.б. арқылы індеттің ауру қоздырғышы сыртқы ортаға таралады. Жануарлардағы сібір жарасы келесі ерекшеліктермен сипатталады: дене қызуының көтерілуі, қан қысымының төмендеуі, қанды іш өту және құсу. Жануар құлайды, ауыз қуысынан, мұрыннан, анустан қан бөлінеді. Жануардың терісінде жара, ісіну болуы мүмкін. Өлген жануардың қаны қара май түсті болады, ұйымайды.
Аталған белгілерді байқаған жағдайда шұғыл түрде Шымкент қаласының «Ветеринариялық қызмет» МКК-на хабарласуыңызды сұраймыз.
Байланыс нөмерлері: 8 (72-52) 45-05-05,45-05-22;
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Ауыл шаруашылығы жануарларына сібір жарасы ауруына қарсы вакцина мемлекет тарапынан тегін салынады. Вакцина егілген малдарды иммундаудан кейін екі апта өткен соң союға болады.
Биылғы жылдың басынан көршілес облыстарда Сібір жарасы ауруының тіркелуіне байланысты қатаң түрде сақтық шараларын ұстауды сұраймыз. Өзіңіздің денсаулығыңызды қауіп-қатерден сақтау үшін тағамға қолданылатын мал өнімдерін, оларды өңдеуден өткізу тек қана ветеринариялық сараптамадан кейін ғана қолданғаныңыз жөн! Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда (тері жамылғысын зақымдайды, диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды,ашиды) міндетті түрде тез арада медициналық көмекке жүгініңіз, себебі ем неғұрлым ерте басталса, нәтижесі де қолайлы болады.
Қосымша ақпарат алу үшін Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына, 8 (72-52) 24-75-37 байланыс нөмеріне хабарласуыңызға болады.