Балалардың қауіпсіздігі біздің ортақ міндетіміз
Балалардың қауіпсіздігі біздің ортақ міндетіміз
Әдеттегідей 1-қыркүйек “Білім күні” 1-11 сынып оқушылары мектеп алаңында алғашқы қоңырау соғылу салтанатына жиналатын болатын. Алайда, 2024 жылдың ерекшелігі оқушылардың басым көпшілігі 2 қыркүйектен бастап мектеп табалдырығын аттады.
Бұл дегеніміз, жасөспірімдердің қауіпсіздігін тікелей қаматамасыз ететін, әрі жауапты Төлеби аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары ең маңызды қызметтеріне кірісті. Ол, 2024-2025 жылдарға арналаған оқу жылында балалардың қатысуымен немесе оларға қарсы жасалатын жол оқиғаларын болдырмау, құқық бұзушылықтардың және басқа да теріс әрекеттердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын бастап кетті.
Құрметті ата-аналар, балалардың қауіпсіздігі біздің ортақ міндетіміз!
Төлеби аудандық полиция бөлімі.