Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында нашақорлықтың алдын алу мақсатында іс-шара өтті

Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденовтің нұсқауына сәйкес, Бәйдібек АПБ-мі Аудан әкімі аппаратымен бірлесіп, 2024 жылғы қыркүйек айының 23-күні жастардың арасында белең алып жатқан нашақорлықтың алдын алу және салауаты өмір сүру салтын ұстануға шақыру мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз» атты форумы өткізілді.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың — ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында, қоғамның маңызды бір міндеті – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күресу туралы үндеуі форумға қатысушы жастарға жеткізіліп, нашақорлықтың зияны мен қасіреті туралы көрініс көрсетілді.

Бәйдібек АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі Н.Ажибеков форумға қатысушыларға нашақорлық пен зиянды әрекеттердің алдын алу жұмыстарына тек полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар ғана емес, қоғам және ауыл тұрғындары болып жұмыла атсалыспаған жағдайда жасөспірімдеріміздің болашағына үлкен кесірін тигізетінін ескертіп, олардың жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, араласатын ортасына ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Қалаубайға сөз беріліп, жастарға зиянды әрекеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану насихатталды.

БӘЙДІБЕК АПБ

Сәйкес жаңалықтар

Бүгін Арыс қаласында футболдан Қазақстан Чемпионатының екінші лигасының 13-ші туры аясында кезекті кездесу өтті

admin

Астанада алтыншы аудан құрылуы мүмкін

admin

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейді

admin