Жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
✅Созақ ауданы орталығындағы Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте оқушылар арасында кәмелетке толмағандардың өз-өзіне қол жұмсаудың (суицидтің) алдын-алу және өзге де әкімшілік құқық бұзушылық (түңгі уақытта тұрғын жайдан тыс жерде (тойхана, кафе және басқада ойын сауық орындарында) заңды өкілдерінің ертуінсіз болуы, қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарын тастауы, қоғамдық орындарда масаң күйде болуы және т.б. әкімшілік құқық бұзушылықтарды түсіндіру), қылмыстық құқық бұзушылықтарды (бұзақылық, қорқытып алу, ұрлық, тонау, қарақшылық, бөтеннің мүлкін иемдену және т.б. қылмыстық құқық бұзушылықтарды түсіндіру) болдырмау құқықтық жауапкершіліктерге тартылатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын Созақ АПБ ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Уәлиева Рахат Әмірханқызы, полиция капитаны Сайлаубек Елдос Алмасұлы, полиция капитаны Дүйсен Нұрсұлтан Көпбайұлы, полиция лейтенанты Әлиев Спандияр Қалиұлы және “Созақ үні” газетінің журналисті Нұржамал Майусова тараптарынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді
📢 ЕСКЕРТПЕ: Құрметті ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері – балаларыңыздың өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ қауіпсіздігі үшін жауапты екендеріңізді еске саламыз!