Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» экоакциясы аясында полиция қызметкерлері жұмыстар атқаруда

🔰Түркістан облысы, Созақ ауданының аумағында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Созақ ауданы аумағындағы елді мекендер мен кенттердің аумақтарын абаттандыру және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың алдын алу мақсатында, Созақ ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлері күшейтілген түрде жұмыстар атқаруда.

🔹Қазіргі таңда, белгiленбеген орындарда сауда жасау, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ жасыл екпелерді жою және бүлдіру және тағы басқа да 800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

📣 Құрметті Созақ ауданының тұрғындары мен қонақтары! Қоршаған ортаны таза ұстап, аялау баршамыздың азаматтық борышымыз. Ол үшін санитарлық тазалықты әркім өзінен, үйінің, ауласының және жұмыс орнының маңынан бастауы керек. Баршаңызды тазалықты сақтап, аумағымыздың абаттануына үлес қосуға шақырамыз! Бірлесе отырып көшеге қоқыс тастамау мәдениетін қалыптастырайық, құқық бұзушылықтарға жол бермейік.

Созақ ауданы полиция бөлімі!

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: наурыз мерекесі қарсаңында 100-ден аса отбасы несиелік пәтерге қол жеткізді

admin

Тірі кезде орган доноры болу тәртібі жеңілдейді

admin

Түркістан: Жетісайда бір күнде 10 мың көшет отырғызылды

admin