Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция бөлімінің қызметкері зейнетке шықты

⚜️Бүгін Созақ ауданы полиция бөлімінің мәжіліс залында, Созақ АПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Атабаев Жомарт Төлбасыұлы зейнет жасына жетуіне байланысты құрмет демалысына шығарып салу шарасы болып өтті. ✅Атабаев Жомарт осы уақытқа дейін Ішкі істер органдарында 30 жылдан аса, адал қызмет атқарып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда зор үлесін қосқан 🔰Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Ж.Нысанбаев алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етіп: «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету -маңызды міндет. Абыройлы қызметте ел тыныштығы үшін атқарған еңбегіңіз көп жылдық тәжірибеңіздің жоғары көрсеткіші. Маңызды мәселелерде батыл әрі шұғыл тиісті шешімдер қабылдай алатын қасиетіңіз саладағы жас мамандарға үлгі-өнеге. Қоғам тыныштығын сақтап, адал еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін!»,- деп жылы лебізін білдірді.

Бөлімінің қызметкерлері де ізгі тілектерін білдіріп шығарып салды.

Сәйкес жаңалықтар

Жаңа төлем жүйесі: Зиянды еңбек жағдайында істейтіндерге не өзгерді?

admin

Ірі қойма өртін сөндіріп жатыр

admin

Түркістандағы реновациядан өтіп жатқан мектептердің құрылысы қадағаланды

admin