“Адам құқығы басты-назарда”
Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің бастамасымен құқықтық ағарту мақсатында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 11 сынып оқушыларымен балалар мен жастардың құқықтары бойынша кездесу өткізілді.
Жиынға Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің жанындағы құрылған сараптамалық кеңес мүшелері Жұмақов Талғат Бейсенбекұлы, Дарханбаева Лайла Орынбаевна, сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам әлеуметтік орталығының өкілі және Созақ АПБ Әйелдерге қатысты зорлы-зомбылықтық тобының инспекторы полиция майоры Манапова Айжан Қалмаханқызы қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы қатысушыларға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі қызметімен міндеттері туралы айтып, бұзылған құқықтары бойынша Өкілдікке жүгіну құқықтары туралы хабарландырды.
Оқушыларға балалардың құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң қабылданғанын айтылып, олардың құқықтары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылықтың, жасөспірімдер суицидінің, әлімжеттік, қылмыстық фактілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар семинар-тренинг бойынша өз пікірлерін білдірді.