Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

“Нашақорлыққа жол жоқ” атты форумы өтті

Жетісай аудандық полиция бөлімі мен әкімдігінің ұйымдастыруымен “Нашақорлыққа жол жоқ” форумы өтті.

Ауқымды шараға ауданы әкімі орынбасары Серік Пірімбеков, э зиялы өкілдер мен білім бөлімінің қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.

Форумның шымылдығы театр өнерпаздарының “Нашақорлыққа жол жоқ” атты сахналық көрінсімен ашылса, осы ретте сөз алған аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Ерназаров пен полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қоғам назарындағы ғасыр дертіне айналған есірткі, нашақорлық жайында баяндама жасап шараның маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде форумның спикерлері теолог Бағдат Шәймерден, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, нарколог-дәрігер Салтанат Дінтаевалар қоғамда белең алып отырған мәселелер жайында сөз қозғап, жастарды бұндай жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Шара соңы Жетісай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламаға ұласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: сенаторлар Сайрам ауданын аралады

admin

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына қолда бар техниканың 95 пайызы дайын

admin

Пойыз билеттерін 50% жеңілдікпен кімдер ала алады

admin