Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан полицейлері көлігі бұзылған жүргізушіге көмектесті

«Түркістан-Тараз» автожолында түнгі патрульдеу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының инспекторлары жол жиегінде авариялық сигналын қосып тұрған «Toyota Prado» маркалы автокөлікті байқады.

Оқиға орнына жеткен полиция жүргізушіден көлігінің доңғалағы жарылғанын және ақаулықты өздігінен түзете алмайтынын анықтады. Тәртіп сақшылары ер адамға қажетті көмек көрсетіп, көліктің доңғалағын ауыстыруға жәрдемдесті.

Өз кезегінде жүргізуші мен оның жолаушысы полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, одан әрі жолын жалғастырды.

Сәйкес жаңалықтар

«Біреулерге хобби, ал біреулерге күнкөріс жолы». Аймағамбетов өзекті мәселе көтерді

admin

Бозарық индустриялық аймағы биыл сапалы инфрақұрылыммен қамтылады

admin

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДАҒЫ ЕКІ ЖЫЛДА ТОЛЫҒЫМЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin