Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция оқушыларға дәріс берді

Түркістан облысы полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің психологы Дина Аубакирова Жетісай қаласындағы №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында жаңадан ашылған полиция сыныбына барып, жас сақшыларға дәріс берді.

Сабақ барысында жоғары сынып оқушыларына құқық бұзушылық, буллинг, лудоманияның алдын алу жайлы ақпараттар айтты. Сондай-ақ жолда жүру ережелері мен кәмелет жасқа толмағандардың түнгі сағат 22:00-ден кейін көшеде жүруге болмайтындығы жайлы нақты түсіндіріп өтті .

Дәрісте оқушылар арасында қазіргі кезде белең алған электромотоцикл, электровелосипед, скутерді басқаруға болмайтындығы, егер абай болмаған жағдайда оның салдары неге алып келетіндігін мысал арқылы көрсете отырып, түсіндірді.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция помогла заблудившемуся туристу из Турции

admin

Түркістан: Келесте кең жайлауда аталып өткен Әз-Наурызды 10 мыңнан аса адам тамашалады

admin

Келестік полицейлер жолда жүру қауіпсіздігін қатаң сақтауды ескертеді

admin