Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жеке құрамға тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша тексеріс жүргізілуде

Түркістан облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерімен облыс прокуратурасы бірлесіп, жеке құрамға тексеру жүргізуде. Яғни полиция қызметкерлерінің тәртіп пен заңдылықты сақтау, азаптау фактілерін болдырмау, мұндай теріс әрекетке бейім қызметкерлерді анықтау үшін арнайы қызмет атқарды.

Анкеталық сұрақтар дайындалып, Полиция департаментінің психолог-мамандарын қатыстыру арқылы қала, аудан полиция бөлімшелерінің қызметкерлерінен сауалнама алынды. Тексеріс іс-шарасы Созақ, Бәйдібек, Арыс және Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінен басталып, тәртіп сақшыларына алдын-ала дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Жеке құраммен саптық тексеріс жүргізілді.

Полиция қызметкерлерінің құжаттары, қызметке дайындығы, автокөліктері мен сауаттылығы назарға алынды. Қызметкерлерге тәртіпке бағынған құл болмайды, әрбір мемлекеттік мекемеде заң мен тәртіп сақталуы тиіс екені қатаң ескертілді.

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде жұмысын сапасын арттыру мақсатында семинар өтті

admin

Астанада киіз үй тігуден шеберлік сабағы ұйымдастырылды

admin

Столичные клубы моржей «Алтын ел» и «Бодрость» поддержали проект новой Конституции

admin