Полиция 300-ге тарта тұрғынның жол саласына, автокөлік басқаруға қатысты сұрақтарына жауап берді
Түркістан облысының полиция басқарма, бөлімдері жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде», «Жолда қабылдау» акциясы өтті.
2 күндік жұмыс нәтижесінде полиция 350-ге жуық тұрғынды қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде автокөлікті тіркеу мәселесімен 35, жүргізуші куәлігін алу 91, жол жүрісін ұйымдастыру 75, автокөлікті қайта жабдықтау 15, айыппұлдарға қатысты 65, көші-қон қызметі 12, ІІО қатысты емес басқа мәселелер бойынша 7 сұраққа құқықтық кеңес берілді.
Акцияның басты мақсаты –тұрғындардың ұсыныс-пікіріне назар аудару, азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру.
Осы ретте тәртіп сақшылары акцияның ай сайын өткізілетінін хабарлап, полиция кері байланысқа әрқашан дайын екенін жеткізеді.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі