Жалпыға бірдей декларация жөнінде семинар сабағы өткізілді
Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің кіші залында жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы жалпыға бірдей декларацияны тапсыру жөнінде семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға арнайы шақырылған Түркістан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманыД.Назарқұлов, Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Д.Жұмаділов, құрылымдылық бөлім басшылары және аудандық соттардың сот әкімшілерінің басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны Д.Жұмаділов ашық деп жариялап, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайы салық органдарына кірісі мен мүлкі туралы декларация тапсыру міндетті екендігі ескертіліп, мәліметтерді уақытылы ұсынбаған қызметкерлерге әкімшілік айыппұл салу көзделгенін жеткізді.
Одан әрі сөзді Д.Назарқұловқа берді, баяндамашы жалпыға бірдей декларацияны бірінші жылы 250-нысан бойынша, одан әрі 270-нысан бойынша тапсыратындығын түсіндіріп, аталған нысандар бойынша декларацияны «Е-Salyq» қосымшасы арқылы тапсыруға болатынын жеткізді. Декларацияны тапсырған уақытта мұқият болуды және толтырылған ақпараттардың дұрыстығына көз жеткізу қажет екендігін ескертті.
Семинар аяғында сот қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарына, тиісті жауаптарын ала алды.