Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін он тәулікке қамалды

Созақ аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК-нің) 461-бабы 1-бөлігі бойынша  Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. өзіне қатысты Созақ ауданының полиция бөлімімен қорғау нұсқамасы шығарылған бола тұра, заңды некедегі зайыбының еркіне қарамастан, оған былапыт сөздер айтып, қорлап тиісіп, нәтижесінде қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот отырысында құқықбұзушы Б.-ның кінәсі сотта зерттелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және өз түсінігімен де дәлелденді.

Сот қаулысымен Б. ӘҚБтК-нің 461-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы баппен 10 тәулікке әкімшілік  қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ЖАЗУ