Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысының Арыс аудандық сотында жаңа судья тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 04 қыркүйек 2024 жылғы № 638 санды Жарлығына сай, Аяпов Сәбит Әкімұлы Түркістан облысы Арыс аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

Аяпов Сәбит Әкімұлы, 01 маусым 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2010 жылы Қарағанды экономикалық университеті, 2019 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясысын бітірген.

Еңбек жолын Ақмола облысында қаржы полициясының инспекторынан бастап, одан кейін «Мерей» ЖШС-нің заңгері,  ҚР Президентінің істер Басқармасының бөлім стажері, Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы,  Шымкент қаласы Абай аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық сотының судьясы қызметін атқарып келген.

Сәйкес жаңалықтар

Байдулла Оразбеков пен Алмас Байжанов «Нұр-сұлтан» тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен кездесті.

admin

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

admin

Жәрмеңкеде 127 азамат тұрақты жұмыс тапты

admin