«Татуластыру рәсімдерін насихаттау» және «Азаматтарды банкрот деп тану туралы» тақырыптарында семинар өткізілді

Сарыағаш аудандық сотының ұйымдастыруымен Сарыағаш аудан әкімдігінде «Татуластыру рәсімдерін насихаттау» және «Азаматтарды банкрот деп тану туралы» тақырыптарындасеминар өткізілді.

Іс-шараға судьялар М.Жунусова, А.Малаева, стажер-судья М.Агибаева, аудан әкімінің м.а. А.Қозыбаев, Сарыағаш ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Б.Абдукаримов, өкілі Қ.Жарқынбаев, ауыл билері мен медиаторлары, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Семинарды аудан әкімінің м.а. А.Қозыбаев ашып беріп, қатысушыларды таныстырып, сөз кезегін судья М.Жунусоваға берді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту мақсатында судья М.Жунусова баяндамасын оқып, таныстырып, статистикалық мәліметтерге тоқталып, 2023 жылдың 8 айы мен 2024 жылдың 8 айын салыстырғанда татуластыру рәсімдерімен аяқталған істер саны 30 % артқандығын айтып өтті.

Алдағы уақытта татуластыру шараларын жандандыруды жалғастыру қажеттігін, сол себепті, ауыл билері мен медиаторлардың атсалысу қажеттігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша судья А.Малава сөз алып, қазіргі таңда банктерге, микроқаржы ұйымдарына қарыз азаматтардың саны артқанын, осыған байланысты Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңына тоқталып, егжей-тегжей түсіндіріп өтті.

Негізгі бағыттарға тоқталып, азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы істерді сотта қарау тәртібі мен барысы туралы баяндама жасап, бүгінгі таңда заңның қоғамда қызу талқыланып жатқанын, сақталуы тиіс талаптар мен қажетті құжаттарды атап өтті.

Стажер-судья М.Агибаева 2024 жылғы 19 маусымдағы № 178-VII Заңымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтті.

Іс-шараны қорытындылап, қатысушыларға алғысын білдіріп, бүгінгі талқыланған мәселелер бойынша алдағы уақытта оң нәтиже шығатынына сенім білдірді.

ПІКІР ЖАЗУ