Дөңгелек үстел өткізілді

Бәйдібек аудандық сотының ғимаратында аудан прокуратурасының аға прокуроры А.Тілеужанқызы, аудан әкімінің заңгері және мемлекеттік кірістер басқармасы, білім бөлімі және санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс шарада төраға М.Сәрсенов         Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 мамырдағы №394 Қаулысымен апелляциялық, кассациялық өтініштерді келісуді қараудың жаңа алгоритмі бекітілгенін, аталған алгоритмде келісуге сұрау салуды, оған қоса берілген құжаттарды беру тәртібі, жоғары тұрған мемлекеттік органның келісу туралы шешім шығаруы және оның мазмұны бойынша мәселелер қамтылғанын таныстырып өтті.

Яғни, ҚР Азаматтық процестік кодексі 401-бап сот шешімдеріне апелляциялық шағым жасау,прокурорлардың өтінішхаттар келтіру құқығы бойынша заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен апелляциялық шағым берілуі, прокурор апелляциялық өтінішхат келтіруге құқылы екенін атап өтті.

Сонымен қатар, сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы тараптарға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға тиесілі.

Мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері  сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығын жоғары тұрған органның міндетті түрде келісуімен іске асыратынын атап өтті.

Қазіргі уақытта Әділет министрлігімен бірге жоғары тұрған мемлекеттік органмен сот актісіне апелляциялық/кассациялық шағым жасау құқығын келісу туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша шешімінің бірыңғай нысаны мен мазмұнын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыс жалғасуда екенін атап өтті.

Іс шара соңында төраға М.Сәрсенов дөңгелек үстелге қатысушылардың жаңа өзгерістерге қатысты көптеген сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.

ПІКІР ЖАЗУ