Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полицейлерге психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінде ұжымдағы психологиялық ахуалды нығайту және жеке құрам арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жұмыстары үнемі назарға алынып, тиісті іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Осы мақсатта Түркістан облысы ПД Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының инспектор-психологтарының ұйымдастыруымен кезекті жиын өтті. Мақсат- ІІО қызметкерінің жалпы стресске төзімділігін қалыптастыру, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету.

Аппарат қызметкерлері қатысқан семинар-тренингке полиция полковнигі Мақсат Асқаров төрағалық етіп, жалпы ІІО-да орын алып жатқан суицид фактілеріне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан облысының бас имамы Ержан Сматұлы арнайы шақыртылып, суицидтік іс-әрекетке діни көзқарасын білдіріп, әрбір қызметкердің өмірде кездесетін қысылтаяң тұстарда адами қадір-қасиетті жоғалтпауға үндеді.

Тренинг барысында тәртіп сақшыларының «Күйзелістен арылудың 10 жолы» атты бейнеролигі көрсетілді. Одан бөлек «тыныс алу» жаттығуы ұсынылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Ақмолада пойыз үйір жылқыны қағып кетті: 11 мал қырылды

admin

Студенттер назарына!

admin

Сауран: гүл сұлулық қана емес, табысты бизнес!

admin