Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жоғалған 4 жасар бүлдіршін сауда орталығынан табылды

Кешкі уақытта үйінің ауласында ойнап жүріп жоғалып кеткен 4 жасар баласын іздеген жергілікті тұрғын Созақ ауданының полициясынан көмек сұрады.

Оқиғаға бірден назар аударған полиция дереу жеке құрамды жұмылдырды. Кешқұрым болған соң полицейлер уақыт жоғалтпастан еріктілерді де іздеу жұмыстарына қатыстыра отырып, көшелер мен ойын-сауық орындарын аралап, куәлардан жауаптар алды.

Үйлесімді жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде полиция 4 жасар бүлдіршінді үйінен шамамен 3 шақырым жердегі сауда орталығынан адасып жүрген жерінен аман-есен тапты.

Баласымен қауышқан ана Созақ ауданы полицейлерінің жедел әрекетіне сүйсініп, аналық алғысын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Беларусь елден бір келіден артық қант, тұз, ұн алып шығуға тыйым салды

admin

​Проблема граждан, чьи взносы в ОСМС перечисляются работодателями неправильно, на контроле

admin

Тараздағы фосфор зауытындағы жарылыс

admin