Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Полиция Түркістан облысы тұрғынының үйінен арыстан мен жабайы құстар тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері сирек кездесетін жануарлар мен құстарға қатысты заңсыз әрекет жасау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірінің үйіне тексеру жүргізіп, ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік құсын тәркіледі. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Сәйкес жаңалықтар

Сайрамда 500 орындық қосымша мектеп ғимараты қолданысқа берілді

admin

Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен 12 адам табылды

admin

Жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарып жүрген жетісайлық жүргізуші қамауға алынды

admin