Майорлар отбасының құрылғанына 12 жыл

Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Азамат Салтөреев пен жары Дина Аубакированың отау құрып, заңды некелерін қиғанына биыл 7-қыркүйекте 12 жыл болды. Азаматтың асыл жары Дина да полиция қызметкері. Бүгінде полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің психологы лауазымында қызметте жүр. Шені- полиция майоры

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, Азамат Салтөреев әке жолын жалғаушылардың бірі. Оның әкесі Сағдат, ішкі істер саланың ыстық-суығына төзіп, абыройлы қызмет еткен жан. Өз кезегінде күнделікті әкесінің форма киіп, қауіпсіздікті қамтамасыз еткенін көріп өскен Азамат, ес білгенде ойланбастан осы салаға келген.

Ерлі-зайыптылар өз сөздерінде: “Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы халықтың қауіпсіздігін басты назарда ұстаймыз, адал қызмет етеміз. Өз балаларымызбен қатар, басқа жасөспірімдердің де тәрбиесін қадағалап, олардың қауіпсіздігі мен тыныштығын сақтауға барымызды салып еңбек етеміз”-деп атап өтті.

ПІКІР ЖАЗУ