Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Біз отбасымызбен қазақ тілін қолданамыз, құрметтейміз, мақтанамыз!»

Бұл шынайы жүректен шыққан сөздерді полиция аға лейтенанты Бахром Алижанұлы Хашимов жеткізді. Ішкі істер органында 2016 жылдан бастап қызметте жүрген полицей, ұлты өзге болғанымен қазақ тілін өз ана тіліндей білетінін мақтанышпен айтады.

Бүгінде Сауран аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы лауазымында абыройлы қызмет атқаруда. Өзіне бекітілген аумақ тұрғындарымен туысындай қарым-қатынас орнатқан. Іс құжаттарын қазақ тілінде сапалы орындауға дағдыланған.

Өзінің қызметтік міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, қажетті теориялық дайындық пен тәжірибелік жұмыс нәтижелеріне ие маман. Қойылған міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолданып, қызметіне мұқият екенін көрсете білген сақшы.

Кейіпкеріміз отбасымен қазақ тілінде сөйлесіп, салт-дәстүрді ұстанады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық Бибарыс – Азия пара ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері!

admin

Беларусь Республикасы ШЫҰ-ға мүше болды

admin

Келес: желтоқсаншы мен ауыл билеріне құрмет көрсетті

admin