Отбасы күнінде ақ жаулықты анадан бата алды

Отбасы мерекесіне орай Жетісай аудандық полиция бөлімінң қызметкерлері қызмет барысында қаза тапқан әріптестері марқұм Ержан Төлебайұлы Төлешовтің үйіне арнайы барып, оның қарт анасы Жібек апамыз бен жары Мираны отбасы күнімен құттықтап, сый-сыяпаттарын табыс етті.

Осындай сый-кұрмет көрсеткен ұлының әріптестеріне риза болған ақ жаулықты ана жастарға отбасының құндылықтары жайлы айта келіп, Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Мен осындай ұлым болғанын мақтан тұтамын. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай,-деп ыстық ықыласын білдіріп батасын берді.

Ал, мерекелік іс-шараларда ұмытпай, елеп-ескеріп, құттықтап, шақырту жіберіп тұратын полиция басшылығына қаза тапқан полицейдің жары Жібек алғысын жеткізді. Жұмыстарына табыс, қызметтеріне жетістік тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ