Жетісайда Әбдіғаппар Серікбаевтың атына полиция сыныбы ашылды

Бүгін Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен №1 М.Горький атындағы мектеп гимназиясында Отан үшін қызмет етіп, ІІО-да қызмет атқару кезінде қаза тапқан полиция полковнигі Әбдіғаппар Бердіқұлұлы Серікбаевтың атына полиция сыныбы ашылды.

Сыныптың ашылу рәсіміне Аудан әкімі Серік Мамытов Түркістан облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының орынбасары Ерлан Дәрібайұлы Шамшат, Әбдіғаппар ағамыздың жұбайы Айнаш Сатиева, ұлы Сұлтан Әбдіғаппарұлы арнайы қатысты.

Сыныптың ашылу салтанатында, Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Сапарбеков Әділбек Абдрайымұлы сөз сөйлеп өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Әбдіғаппар ағамыз жайлы да жылы естеліктер айтып өтті

Аталмыш сыныпты ашудағы мақсат – жас жеткіншектер арасында Қазақстан полициясының имиджін көтеру, ержүректілікті дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухта оқушыларды тәрбиелеу.

Тәлім-тәрбиесі, мақсаты ауқымды шарада полиция полковнигі болған Серікбаев Әбдіғаппар Бердіқұлұлының өмір жолы, ерлігі, қызмет атқарған жылдары туралы деректер айтылды.

Ал кадет сыныбының алғашқы мүшелері болған жоғары сынып оұушылары өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуға ант берді.

ПІКІР ЖАЗУ