Аудандық сотта семинар өткізілді

Арыс аудандық сотында күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау, ҚПК-нің 106 бабымен түскен шағымдарды қанағаттандыру, шартты түрде мерзімнен бұрын босату мәселелері бойынша семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабаққа аудандық полиция бөлімінің және Арыс стансасындағы желілік полиция бөлімінің тергеушілері, анықтаушылары, прокуратура өкілдері, адвокаттар және Арыс қаласы бойынша пробация қызметі бөлімінің өкілдері қатысты.

Семинарда тергеу судьясы Н.Ашенов баяндама жасап, күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдануды санкциялау кезіндегі проблемалық мәселелерді айтып, ҚПК-нің 106 бабымен шағымдарды қарау барысындағы кемшіліктерді атап өтті.

Семинар соңында төраға С.Умаров аталған санаттағы істерді қарау барысында туындаған сұрақтарға жауап беріп,  іс шараға қатысушылардың ұсыныс – пікірлерін тыңдады.

ПІКІР ЖАЗУ