Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Сіз заңды білесіз бе?» тақырыбында танымдық байқау өткізілді

Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер арасында «Сіз заңды білесіз бе?» тақырыбында танымдық байқау өткізілді

Іс-шараға Арыс аудандық полиция бөлімінің, Арыс-1станциясындағы желілік полиция бөлімінің, қалалық Әкімдігінің қызметкері, Халыққа қызмет көрсету орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарды қандай деңгейде білетіндігі бойынша бақ сынасты. Нәтижесінде мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік болып Арыс стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкері Сәрсен Нұрдәулет Қанатұлы жеңімпаз болып анықталып бірінші орынға ие болды.

Өткізілген іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Ұйымдастырушылар іс-шара соңында байқауға қатысушыларға алғыс хаттар мен көтермелеу сыйлықтарын табыстады

Сәйкес жаңалықтар

Кентау қаласының әкімі жөндеуден өткен мектептің материалдық техникалық базасымен танысты

admin

Түркістанда үй жануарларын чиптеу басталды

admin

Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша кездесу өткізді

admin