АЭС – ел экономикасындағы жаңа мүмкіндік

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі Нұргүл Қобланова Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы КММ мекемесіне барып, мекеме қызметкерлері мен спорт клубының жаттықтырушыларына елімізде АЭС соғылуына қатысты талқылау өткізді. Талқылауда АЭС-тің пайдасы мен зиянды тұстарын, сондай-ақ, ел экономикасына тигізер әсері сөз болды.

– АЭС мамандардың түсіндіруінше, базалық генерацияның экологиялық ең таза түрі, атом электр стансасынан экология еш зардап шекпейді, ол көміртексіз энергияның негізгі құрамдас бөлігі саналады. Керісінше, бұл электр орталығы парниктік газдың әсерін азайтуға көмектеседі. Айталық, 1000 МВт болатын атом электр станциясын жыл сайын пайдаланса да, парниктік газдар шығыны 8 миллион тоннаға азайып отырады. Атом электр стансалары көмір немесе табиғи газ қондырғыларына қарағанда отынды әлдеқайда аз тұтынады, бұл көміртегі бейтараптығы мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Оның үстіне ол сарқылмас қуат көзі, – дейді Нұргүл Төрезқызы.

Сондай-ақ, жиналған қауым өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Атап айтқанда, көпшілікті АЭС соғылса, онда қандай мамандар жұмыс істейді деген сұрақ мазалайды.

«Қай елдің реакторын таңдайтынымыз да, қай жерге салынатыны да елімізде референдум өтіп, оны халық қолдаған соң ғана белгілі болады. Сондықтан еліміз үшін маңызды шарадан тыс қалмай, 6 қазанда өтетін референдумға белсене қатысайық» деген қоғам белсендісі референдумға келіп,өз таңдауларын жасауды ұсынды.

ПІКІР ЖАЗУ