«Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбында айлық іс-шара өтті

Шымкент қаласында Әдістемелік орталықтың жылдық жұмыс жоспары негізінде білім беру мекемелерінде 2024 жылдың 02.09-30.09 аралығында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды насихаттау аясында түрлі іс-шаралар атқарылып келеді.

Бүгін С.Нұрмағанбетов атындағы №72 мектепте Қазақстан халықтарының тілдері мерекесін дәріптеп, көп ұлтты Қазақстанның бір шаңырағының астында өмір сүретін халықтардың бірлігін көрсету  мақсатында «Тілім менің – мақтанышым!» тақырыбында айлық іс-шара өтті.

Шараның мақсаты: Оқушылардың тіл туралы білімдерін жандандыру және кеңейту, тілге днген сүйіспеншілікке, оқушылар арасындағы достық пен өзара түсіністікке тәрбиелеу. Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.

Айтулы іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, философия ғылымдарының кандидаты, Шымкент қаласы Тілдерді оқыту әдістемелік орталығының бөлім басшысы Қалдыбаева Гүланар Анарбекқызы, Абай атындағы Шымкент қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Жұманова Нурила Серікбайқызы, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сарапшылар тобының жетекшісі Корганова Саипжамал Султановна және білім басқармасына қарасты білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.

Іс-шара барысында ай бойы тіліміздің тұғырын асқақтатып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жобасында өткерілген барлық шараларды қорытындылау есебінде мектеп педагогтеріне сөз беріліп, өздері дайындаған баяндамаларын ортаға ұсынды. Сондай-ақ, Абай атындағы қалалық кітапхананың директоры Нурила Серікбайқызы сөз сөйлеп, бірқатар педагогтерге алғыс хат табыстады. Егеменді еліміздің ұйтқысы болған татулығымызды сақтауға, тәуелсіздігіміздің тұғырын асқақтатуға, өз үлесін қосып келе жатқан  қаламыздағы түрі басқа болса да, тілегі бір этномәдени ұйым өкілдері мерекелік шараға өздерінің ұлттық биімен сахна төріне шығып, мемлекеттік тілде жүрекжарды құттықтау-тілектерін жолдады. Ал, мектептің дарынды оқушылары А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан және «Онегиннің Татьянаға жазған хатынан» үзінді алып, сахналық қойылым көрсетті.

Жиынға келген қонақтар тілдің маңыздылығы туралы терең ойлы пікірлерін ортаға салды.  Шараның соңында оқушылар ән мен жырдан шашу шашып, биші қыздар би билеп, кештің көркін қыздырды.

ПІКІР ЖАЗУ