Ашық есік күні өтті

Бүгін №2 Оқушылар сарайында ата-аналармен ынтымақтастықты арттыру мақсатында ашық есік күні өтті. Іс-шара аясында ата-аналар концерттік бағдарлама тамашалап, ойындар ойнады, әлеуметтік желіде белсенділік танытып жүрген оқырмандарымызға сыйлықтар таратылды. Ашық есік күніне келген ата-аналарды №2 оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы күтіп алып, ғимарат ішімен толық таныстырып өтті.

-Тарихы тереңде жатқан шымшаһарда ерекше дизайнмен бой көтерген № 2 Оқушылар сарайы 2023 жылы пайдалануға берілді. Үш қабаттан тұратын ғимаратта 6-бағыттағы 65 түрлі үйірме жұмыс істейді. Біздің мекеменің ерекшелігі мұнда әр түрлі саладағы үйірмелер бір ғимаратқа топтастырылған. Үйірмелер заманауи құрылғылармен жабдықталып, оқушы үшін барлық жағдай жасалған. Ғимаратта 210 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 127 педагог ұстаз балаларға білім береді. Олардың арасында зерттеуші мұғалімдер, сарапшылар, модераторлар, спорт шеберлері бар, – деді Д. Егізбаев.

№ 2 Оқушылар сарайы ашылғанына небәрі бір жыл болғанына қарамастан, шәкірттері Халықаралық, Республикалық, байқауларға қатысып, жеңіс тұғырын бағындырып келеді. Атап айтсақ бір жыл ішінде  24 халықаралық, 118 республикалық, 40 облыстық, 56 қалалық  сайыстарда жүлделі орындарды иеленген. Бүгінде үйірмеге қатысушы оқушылармен қоса ұстаздар да креативті идеяларымен көзге түсіп жүргені байқалады.

Іс-шара аясында үйірмелердегі сабақ өту барысына куә болған ата-аналар  бос орындарға балаларын жаздыртып, мекеме басшылығына алғыстарын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ