Шымкентте «сенің ортаң» жобасы аясында кітап талқылауы болып өтті

Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен “Сенің ортаң” жобасы аясында Дулат Исабековтің танымал “Сүйекші” шығармасының талқылауы өтті.

Бұл жобаға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің өзі қатысты.

“Сенің ортаң” жобасы қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңірек таныту, сондай-ақ, әдеби талқылаулар арқылы қоғамда мәдени диалогты дамыту мақсатында ұйымдастырылған. Бұл жоба әдебиет саласындағы маңызды мәселелерді көтеру арқылы оқырмандардың мәдени білімін арттыруды көздейді.

Шараның мақсаты – қазақ әдебиетінің маңызды шығармаларын кең аудиторияға таныстыру және әдеби талқылау арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру.

“Сүйекші” шығармасы – Дулат Исабековтің әдеби мұрасының жарқын мысалы ретінде танылады. Шығармада қазақ қоғамының әлеуметтік мәселелері, тұлғалық қақтығыстар мен моральдық дилеммалар терең сипатталған. Іс-шара барысында осы шығарманың негізгі тақырыптары мен идеялары талқыланып, оқырмандар мен әдебиеттанушылардың пікірлері ортаға салынды.

Жиынның соңында қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, көрермендермен сұрақ-жауап әңгімелесуі болды. Оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым шығарманың өзектілігін, оның әдебиеттегі орны мен қазақ қоғамындағы рөлін талқылауға белсенді қатысты.

ПІКІР ЖАЗУ