Туризм саласында білім алатын жастарға жол көрсетті

Бүгін Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасының «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қаламыздың туризм саласында білім алған студенттер мен түлектерді қолдау тұрғысында осы саладағы білікті мамандармен кездесу өтті.

Аталған форумның мақсаты жас мамандардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау, ішкі туризм саласымен, «Visit Shymkent» ТАО қызметімен таныстыру, студенттерді өндірістік тәжірибеге тарту, одан әрі жұмысқа орналастыруға ықпал ету болып табылады. Еркін форматтағы жиынға қаламыздың жоғары және колледж сутденттері мен түлектерінен жиналға 400-ге жуық жастар қатысты.

Іс-шара барысында жастар туризм саласында тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер мен нақты бағыт-бағдар алды. Әрбір қатысушы көкейіндегі сұрағына жауап алып, кәсіби және шығармашылық идеяға толы талқылауға қатысты. Ол өз кезегінде бизнес байланыстар мен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Келген қонақтар жетістікке жету жолындағы еңбектері мен тәжирибелі сабақтарымен бөлісіп, жастарға жол көрсетті. Сарапшылар өздерінің білім қорымен және жастарға біліктіліктерін дамытуға көмектесетін сәтті жобаларымен бөлісті. Тіпті гид қызметіне нақты мысалдар келтіріп, кездесудің маңызын ашты.

– Туризм көптеген елдерде басымдықты сала. Елімізде енді дамып келе жатқан салада шағын, орта және ірі бизнестің бірқатар алатын орны бар. Мәселен, жол бойы сервисі желілерін, қонақүйлер ашу сияқты. Дегенмен негізгі міндет – адамдарды қаламызға тартып, бірнеше күнге қалуға, қаржыларын осында жұмсап, кәдесыйлар алуына, мейрамханаларға баруына жағдай жасау. Осындай тәжирибелерімен бөлісіп келген спикерлерге рахмет, жастар үшін маңызды болды деп есептеймін. Сондай-ақ, жастарға біздің орталықтың есігі әрдайым ашық, орталықта өндірістік тәжірибеден өтуге, біздің тарапымыздан бағыт-бағдар беруге, жұмыспен қамтуға да әзірміз, – дейді «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Ерлан Умаров.

ПІКІР ЖАЗУ