Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Чернобыль ардагерлері азаматтарды референдумға қатысуға шақырды

Шымкент қаласының Чернобыль ардагерлері де АЭС салуды қолдайды. Одақтың жергілікті филиалында ардагерлер, белсенділер «АЭС -дамыған елдермен тең дәрежеде!» тақырыбында кездесу өткізіп, көпшілікті жалпыұлттық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Чернобыль ардагерлері Одағының жергілікті филиалының төрағасы Сайфулин Нахбаев АЭС салудың маңызын, жалпы энергетика саласында жаңа өндірістер қажет екенін атап өтті.

-Чернобыль ардагерлер одағы және «Семей-сынақ» қоғамдық бірлестігінің өкілдері келешек ұрпақ үшін біз АЭС салуды қолдаймыз. Қазіргі таңда энергия тапшылығы сезілуде. АЭС — өзінің құнын ақтайтын жоба. Бүгінде жастарға жұмыс керек. Атом электр станциясы салынса көптеген жұмыс орындары пайда болады. Жалпы атом энергетикасын еліміздің болашағы үшін қажеттіліктердің бірі деп санаймыз, — дейді С.Нахбаев.

Ардагерлер болашағын бейбітшілікпен байланыстырған мемлекетіміз өз жерінде салынатын жобаның қауіпсіздігіне баса назар аударса деген уәждерін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Аким Енбекского района ответил на вопросы населения в прямом эфире

admin

Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов іссапармен Қараспан ауыл округіне қарасты Берген, Батырата ауылдарыны барды.

admin

Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

admin