Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр
Қоғамдық қабылдау бөлмесі – сан сұрақтарға жауап іздер, келелі мәселелерге қозғау болар, халық пен билік арасындағы көпір іспеттес, үлкен жауапкершілікті, рухани ішкі қуатты қажет ететін халықпен тікелей байланыстағы жұмыс. «Әрбір арыздың артында адам тағдыры, ондаған, тіпті жүздеген адамның мүддесі тұр» деп мемлекетт басшысы Қ.К.Тоқаев айтқанындай, бұл жерге түрлі әлеуметтік жағдайдағы азаматтар өздерін толғандырған түйткілді мәселесінің түйінін тарқатар тұщымды жауап іздеп бас тірейді.
Биылғы статистикалық мәліметтерге зер салсақ, жыл басынан бері облыс бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2 мыңға жуық мыңға жуық өтініш тіркелген екен. Оның 48,8 пайызы оң шешімін тауыпты. Сандарға зер сала, көңіл аудара отырып, осыншама адамның мұң-мұқтажын тыңдап, өтініштерін оқып, тиісті органдар арқылы оң шешімін табуына ықпал етілгені – партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жүйелі жұмысының жемісі екенін аңғарамыз.
Азаматтар көтерген сауалдар бойынша заңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестер берілген өтініштердің саны биыл 839 – ға жетті.
Көтерілген сауалдарды салалар бойынша жіктейтін болсақ, биылғы 8 айдағы барлық арыз-шағымның 24 пайызын – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 20 пайызын – жұмысқа орналастыру, 18 пайызы – әлеуметтік қамсыздандыру, 13 пайызы баспанамен қамту және тағы басқа салаларды құрады.
Айта кету керек, әлеуметтік салаға қатысты сұраныстар тұрғындар тарапынан ең көп қозғалатын мәселелердің бірі болып табылатын. Бұл тақырыптағы сұраныстардың көлемі де жылдан жылға төмендеп келеді. Мәселен, партияға жүгінген азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждық туралы сұраныстары 2023 жылдың 8 айында барлық өтініштердің 35 пайызын құраған болатын.
«Құқықтық көмек» жобасы іске қосылғалы шалғай ауылдардғы ауыл тұрғындарына кәсіби заңгерлерлің құқықтық көмегі тегін көрсетіліп, халықтың көңілінен шығуда. Заңгерлер Палатасымен, Адвокаттар Алқасымен, Медиация орталығымен жасалған ынтымақтастық меморандумы негізінде заңгерлік көмектер, құқықтық кеңестер беру ұйымдастырылып келеді. Әсіресе, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларына «про-боно» қызметі, яғни сотқа дейінгі заңгерлік сүйемелдеу , кей жағдайда адвокаттар бөлу немесе медиация қызметін тегін көрсету қарастырылған.
Жыл басынан бері «Құқықтық көмек» жобасы аясында 34 рет қабылдаулар өткізілді. 200-ге жуық азаматтардың өтініштері тыңдалып, оның 62 пайызы оң шешімін тапты.
Түрлі түйіткілді мәселелердің оң шешімін табуына мемлекеттік атқарушы органдармен қатар жергілікті маслихат депутаттары да қомақты үлес қосуда.