Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, төл өнеріміз паш етілді

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Сауран ауданының Түркістан қаласындағымәдениет күндері қорытындыланды. «Керуен сарай» туристік кешенінде өткен гала-концертке аудан әкімі орынбасары Ербол Жанғазиев қатысып, сахна төрінде жұртшылыққа жылы лебізін білдірді.

Мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Гала-концертте елімізге танымал эстрада жұлдыздары Нұржан Қалжан, Бауыржан Мұстафаев, Нұржан Төлендиев және Данияр Барыс ән шырқап, қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар аудан өнерпаздары би билеп, қоңыр үнмен Түркістан аспанын сазға бөледі. Өнер сүйер қауым әншілермен қосыла ән айтып, мерекелік кештің сәнін кіргізді.

Айта кетейік, екі күнге созылған мәдениет күндері барысында Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, төл өнеріміз паш етілді. Келесі көшті 30-31 тамыз күндері Бәйдібек ауданының өнерпаздары жалғайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алудың түрлі жолдары талқыланды

admin

Денсаулық сақтау министрі шымкенттік жедел жәрдем қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалады

admin

Діни лидерлер әділ және қауіпсіз әлем үшін

admin