Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тұрғындар ұсынысы назардан тыс қалмайды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кезекті рет өзінің жетекшілік ететін салалары бойынша облыс тұрғындарына жеке қабылдау өткізді. Облыс әкімдігінің кестесіне сәйкес «Ашық әкімдік» кеңсесінде өткен жеке қабылдауға келген тұрғындар сан түрлі мәселе көтерді.

Басым бөлігі тұрғын үй алу, шалғай орналасқан елді мекендерді табиғи газбен және ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, ауланы жарықтандыру, жол салу, жылу мәселелерін көтерді. Одан бөлек, тұрғын үйді жекешелендіру, кеңейту, газ құбырын орнату, басқа да мәселелер бойынша көмек сұрады.

Зұлпыхар Жолдасов жауапты сала басшыларына тұрғындардың өтініштерін назарға ала отырып, проблемаларды заң аясында шешуді тапсырды. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер хаттамаға енгізілді. Енді оның орындалу барысы басшылық назарында болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

Samsung и микрофинансовая организация KMF стали партнерами

admin

Созақ: заңдық маңызы бар фактілерді анықтау және жол көлік оқиғаларының салдарын жоюға бағытталған жиын өтті

admin

Полицей ұшақты жеңді: Қазақстандық әскери әлемдік рекорд орнатты

admin