Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Полицейлер ұрланған генераторды иесіне қайтарып берді

Қостанай облысында полицейлер құны 200 мың теңгелік ұрланған генераторды қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ретте полиция қызметкерлері ұрлықты “ізін суытпай” ашты. Б. Майлин ауданының Асенкритов ауылына кіре берісте осы учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың вагонына кіріп, электрмен жабдықтау станциясын жасырын ұрлап кеткен. Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Талғат Байзақов пен ауылдық учаскелік полицей Дияр Кушубаев жедел түрде екі ер адамды анықтап, ұстады.

Тінту барысында генератор қылмыскерлердің бірінің үйінен табылды.

Ұрлық фактісі бойынша үй-жайға заңсыз кіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл әрекет үшін ұрылар екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін .

Полиция генераторды иесіне қайтарып берді.

Өз кезегінде иесі полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qostanaj-oblysynyng-politsejleri-urlanghan-generatordy-iesine-qajtaryp-berdi/

Сәйкес жаңалықтар

Ірі есірткі алқабы жойылды

admin

Алаяқтардың құрбаны болған Түркістан облысының тұрғындары полицейге көрсеткен көмегі үшін алғыстарын білдірді

admin

Түркістан облысында полиция жалған құжат жасау әрекеттерін тоқтатты

admin