Шымкенттегі өндірістік аймақтар толық жүктелімде

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2021 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Биылғы І жартыжылдықта қала экономикасының дамуы байқалатынын айтқан қала әкімі экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөніндегі Президент тапсырмасы өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтті.

«Қаланың базалық секторларында өсім динамикасы бар. Бұл халықтың әл-ауқат жағдайына оң ықпал тигізеді. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауыңызда азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, қолайлы орта қалыптастыруды тапсырған болатынсыз. Бұл бағытта, қаланың 5 жылдық даму жоспары бекітіліп, негізгі басымдықтары айқындалды. Бірінші басымдық, ол кәсіпкерлік және өнеркәсіпті қолдау»,-деді М.Әйтенов.

Әкімнің айтуынша, қаладағы үш өндірістік аймақта 7 690 жұмыс орнымен 110 кәсіпорын ашылған. Биыл 1,8 млрд. теңгеге 274 жұмыс орнымен 4 жоба жүзеге асып отыр. Ал, жыл соңына дейін 38 млрд. теңгеге 754 жұмыс орнымен 13 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда өндірістік аймақтар 100 пайызға толған.

ПІКІР ЖАЗУ