Жаңа оқу жылы: Полицейлер қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті

Жамбылдық полицейлер жаңа оқу жылының басталуына арналған іс-шаралар қарсаңында қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қыркүйектен бастап көшелермен әртүрлі жастағы ондаған мың мектеп оқушылары жүретін болады. Тәртіп сақшылары таңертеңнен бастап жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар мектеп оқушылары арасында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған профилактикалық сабақтар өткізеді. Өткен аптаның өзінде Жамбыл облысының ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды.

Осылайша, ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 150-ден астам кәмелетке толмағандар жеткізілді. 5 жасөспірім және 6 жұмыссыз отбасы есепке алынды. Жастар мен жасөспірімдер көп шоғырланған орындарға жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 224 әкімшілік хаттамалар жасалып, қаңғыбастық пен қайыршылықпен айналысқаны үшін 7, түнгі уақытта қараусыз қалғаны үшін 122 заңды өкіл жауапқа тартылды.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған ауыр және жеңіл қылмыстардың 18,2%-ға төмендеуі тіркелген.

– Балалардың кішкентай кезінен жол ережесін қатаң сақтауы өте маңызды. Ересектер балаларымен жеке қауіпсіздік шаралары, жыныстық қол сұғылмаушылық және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақтық шаралары туралы сөйлесуі керек. Балалар бұл дүниені отбасы мен достары арқылы біледі, оларды дер кезінде ескерту оларды қауіптен, тіпті өлімнен қорғауға мүмкіндік жасау болып табылады, – деді ПД ЖПҚБ ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/zhanga-oqu-zhyly-zhambyl-politsejleri-qyzmetting-kushejtilgen-nusqasyna-koshti/

ПІКІР ЖАЗУ