“Кибер-шериф” құрылғысы іске қосылды
ШҚО-да полицейлер тесттік режимінде облыс әкімдігінің қолдауымен алынған “Кибер-шериф” құрылғысын іске қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрылғының басты ерекшелігі – кең функционалдылық. Ол қоршаған ортаны бейнетіркеу, көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын өлшеу бойынша қажетті функционалды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ “Кибер-шериф” оқылмайтын мемлекеттік нөмірлерді айтарлықтай қашықтықта тани алады және аймақтағы көліктерді, мысалы, ұрланғандарды да жаза алады. Сонымен қатар кешен қарсы келе жатқан машиналарда сақтандыру мен техникалық байқаудан өткендігін автоматты түрде тексереді. Айта кетейік, “Кибер-шериф” бір уақытта 50-ге дейін құқық бұзушылықты тіркей алады. Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары облыстың тасжолдарының апатты учаскелерінде ЖКО-ның алдын алу мақсатында арнайы пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, жасырын патрульдеуді қолданады.
– Дрон қарсы қозғалыста жүруді ұнататын, жол белгілерін, маневр жасау ережелерінің талаптарын бұзатын жол жүрісі қағидаларын бұзушыларды және апатты жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтауға көмектеседі,- деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Нұриев Талғат.
Дронды басқару мониторында тұрған инспектор радиостанция арқылы тәртіп бұзушы туралы барынша толық ақпаратты береді, соның нәтижесінде жақын маңдағы патрульдік бригада сигналға дереу жауап беріп, оны ұстау шараларын қабылдайды. Құрметті жол қозғалысына қатысушылар, өз өміріңізді және басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеңіз! Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтаңыз!
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/shqo-da-kiber-sherif-qurylghysy-iske-qosyldy/