Ұлытау облыстық ПД-да маңызды жиын өткізілді
Ұлытау облыстық полиция департаменті қылмыстық құқық бұзушылықтар құрамының жаңа нормаларын тергеу мен тергеуге қатысты өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шараға ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы Санжар Әділов, облыстық сот пен прокуратураның, сараптама органдарының, адвокатураның өкілдері және өңірдің тергеушілері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қылмыстық сот ісін жүргізудің және отбасылық-тұрмыстық қатынастардың өзекті мәселелерін талқылау. С. Әділов осындай мәселелерді шешуге сындарлы көзқарастың маңыздылығын атап өтіп, қылмыстық сот ісін жан-жақты дамыту бағыттарын талқылауды ұсынды.
– Бұл кездесу қылмыстық сот ісін жүргізудегі өзгерістер мен ұсыныстарды талдауға, озық тәжірибемен және ғылыми-практикалық қызметпен алмасуға негіз болатын сындарлы қорытындыларға әкеледі, – деді Санжар Әділов.
Кеңес барысында еліміздің соңғы жылдардағы Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне өзгерістерді тергеу мен енгізуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды. ІІМ академиясы тарапынан жас қызметкерлерге практикалық көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/ulytau-oblystyq-pd-da-mangyzdy-zhiyn-otkizildi/